жұма, 14 наурыз, 2025 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Ашық дереккөз
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында Үкімет резервінен 116 млрд 772 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданды. Президент 2025 жылғы көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Бөлінген қаражат ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолжетімді несие беру, шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру мақсатында бағытталады.

Бұл әрі қарай елімізде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Үкімет 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.

Бұл қолдау шаралары еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, шаруалардың қаржылық жүктемесін жеңілдетуге және өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар