Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды
Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазір өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр.
Сондай-ақ Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін бірқатар облыстардың бюджетіне аударылмақ
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төтенше резервтен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында әуедегі электр беру желілерін қалпына келтіруге 2,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.