Үкімет тағы екі АЭС станциясын салатын жерді анықтайды - премьер-министр

Жақын арада билік Алматы облысындағы бірінші атом электр стансасын салу бойынша қажетті келісімдер жасамақ.
Үкімет тағы екі АЭС салатын орындарын анықтауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін ел Президенті алғашқы станциядан кейін елде тағы екі атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтқан еді.