Жаңалықтар
Үкіметте Қазақстанның сыртқы сауда трендтері талқыланды
- авторjambylinfo.kz
- 3 сәуір, 2023
- 229
Үкіметте Қазақстанның сыртқы сауда трендтері талқыланды
Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды.
Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала