Үкіметте экономиканы несиелендіруге қатысты жиын өтті
Үкіметте экономиканы несиелендіруге қатысты жиын өтті
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономиканы несиелендіруге қатысты жиын өткізді. Жиынға Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Жауапты мамандар борышкердің қайталап жүгінуіне қатысты бірқатар мәселені, оның ішінде: банкроттық туралы өтінішпен, мүлікті шектеулерден босату тәртібін оңайлату, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде қолданылатын субсидиялаудың сараланған түпкілікті мөлшерлемесін белгілеу, сондай-ақ банк секторын салықтық ынталандыруға қатысты мәселені талықылады. Жиынды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға экономиканың нақты секторын несиелендіруге екінші деңгейлі банктерді тарту шараларын пысықтау үшін бірқатар тиісті тапсырма берді.