жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін”-Димаш Құдайберген

“Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін”-Димаш Құдайберген
ашық дереккөзі
“Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін”-Димаш Құдайберген
Отандық әнші Димаш Құдайберген күннің суығында жылусыз қалған Екібастұз халқына алаңдап отыр. Өнер иесі бұл жағдайға кінәлі адамдар жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деген сенімде, деп хабарлайды Жамбылинфо. Димаш Құдайберген бұл туралы Instagram парақшасында жазды. “ Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді,”— делінген жазбада. Алайда әнші далада қалған халықтың, соның ішінде аналардың көз жасы үшін мәселені ашып жазуды жөн көрген. "Далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін,”— деп жазды әнші.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар