Бұл туралы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында айтылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже берген. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.
«Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру көзделген», - деді министр.
Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024