Жаңалықтар

«Командасымен кетті»: Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды

Боксшыларымыз Париж Олимпиадасында 1 күміс, 1 қола жеңіп алды

Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. Halyq Uni.-ке сілтеме жасап. 

ҚР бокс федерациясының мәліметінше, жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр.

Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус те лауазымынан босатылды.