«Қастықпен өлтірді»: Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 8 қазан, 2024
- 1.7k
Былтыр дүние салған Арман Дүйсеновтың тұңғышының қазасы жайлы қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасына жазған. Оның ізін ала ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Абылай Арманұлын әлдекімдер қастықпен өлтіргенін жайлы жазба жариялап, оның отбасына көңіл айтқан деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды халық әртісі.
Ал KAZ.NUR.KZ аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінген.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Павлодардағы алапат өрт сөндірілді
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024