Жаңалықтар

Конституциялық Сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Конституциялық Сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық соттың жаңа әкімшілік ғимаратына барып, тағайындалған судьялармен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Конституциялық сот ел өмірінде айрықша рөл атқаратын орган екенін атап өтіп, бұған дейін 27 жыл бойы табысты жұмыс істеген Конституциялық кеңес мүшелеріне және онда әр кезеңде еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтты.  width= – Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты, бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүниежүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды. Жалпы, елімізде көптеген өзгеріс болып жатыр. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға баса мән беріліп отыр. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері белсене қатысуға ынталы. Сондықтан мен Конституциялық сот құру туралы бастама көтердім. Азаматтарымыз жалпыхалықтық референдумда осы және басқа да ұсыныстарға қолдау білдірді, – деді Президент. Мемлекет басшысы Конституциялық сот барлық заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды.  width=

Мемлекет басшысы қоғам Конституциялық соттың қызметінен оң өзгерістер күтіп отырғанын, қазылардың өз міндетін адал атқаруы халықтың, БАҚ пен халықаралық құрылымдардың жіті назарында болатынын еске салды.

 width= width=

Мемлекет басшысы Жаңа, Әділетті Қазақстанның басты қағидаты – әділдік екеніне назар аударып, қазылардың осы маңызды міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова Мемлекет басшысына жаңа орган қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ Конституциялық сот қоғам сұранысы және мемлекет қажеттілігін өтеу үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.