Жаңалықтар

Конституциялық Соттың тағы төрт судьясы тағайындалды

Конституциялық Соттың тағы төрт судьясы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот судьясы лауазымына Айжан Ержанқызы Жатқанбаева, Бақыт Маратұлы Нұрмұханов, Роман Анатольевич Подопригора тағайындалды.