Жаңалықтар

Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтар енді тіл үйреніп, тест тапсырады

Еңбек министрінің айтуынша, қазір 22 мыңға жуық отандасымыз Оңтүстік Кореяда жүр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін қазақстандықтарға қандай талап қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жақыпова отандастарымызға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілетінін атап өтті. Еңбек министрлігі тиісті жоба әзірлеп, Сыртқы істер минисрлігі арқылы Кореяға жолдаған. Қазір оны корей тарапы қарастырып жатыр.

Айтуынша, қазақстандықтардың білімі мен біліктілігін Кореядан келетін аудитор тексереді.

Жақыпова қазіргі таңда 22 мыңға жуық отандасымыз Оңтүстік Кореяда жүргенін айтты. Оның ішінде 6 мыңнан аса адамның виза мерзімі өтіп кеткен.