Жаңалықтар

Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Кореяда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Өткен аптада Сеулде көз жұмған қазақстандық студент қыздың мүрдесін елге жеткізу шығынын Корея тарапы өзі көтерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Марқұмның мәйіті 3 қарашада Алматы қаласына, ал 4 қарашада Ақтөбе қаласындағы туыстарына тапсырылған. Еске сала кетейік, Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде ақтөбелік 26 жасар қыз қайтыс болған еді.