Жаңалықтар

Коронавирус АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінде өршіп тұр

Коронавирус АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінде өршіп тұр

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирусты жұқтырудың 564 126 546 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 371 354 адамды құраған. Жұқтыру бойынша көшбасшы елдердің үштігіне мыналар кіреді: АҚШ - 88 747 875, Үндістан - 43 803 619 және Бразилия - 33 397 814 жағдай.