жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирус қайта күшейсе қандай шектеулер енгізіледі

Коронавирус қайта күшейсе қандай шектеулер енгізіледі
ашық дереккөзі
Коронавирус қайта күшейсе қандай шектеулер енгізіледі
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, желтоқсанда науқастар саны 2,3 есе өскен, деп хабарлайды Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. «Желтоқсанда қарашамен салыстырғанда сыртқаттану деңгейінің 2,3 есе өскені байқалады. Бұл ретте инфекция жұқтыру 2 169 жағдайдан 5 127 жағдайға дейін жетті. Бір күнде 300-ге жуық адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып жатыр», - деді Есмағамбетова. Вице-министрдің айтуынша, 12 тамыздан бастап елдегі барлық өңір «жасыл» аймақта тұр.
Алайда R көрсеткішінің бір бірліктен жоғары болуы еліміздің 15 өңірінде байқалады, бұл инфекцияның таралуы артқанын көрсетеді, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Соған сәйкес, қазақстандықтарға халық көп жиналатын жерде медициналық маска тағуды ұсынды. «Өңір  «сары» аймаққа көшкен кезде адамдардың топтасып жиналмауына бағытталған шаралар қабылданады. Оның ішінде науқаспен жақын байланыста болғандарды, коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайтын адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру бар. Білім беру орындарында іс-шаралар өткізу тоқтатылады», - деді Айжан Есмағамбетова. Егер өңір «қызыл» аймаққа көшсе, жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру, қоғамдық көлік пен жабық нысандарда медициналық маска тағуды міндеттеу, жабық мекемеге баруға шектеу енгізу, Ashyq қосымшасын пайдалану сияқты шаралар қабылданады. Сондай-ақ қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру да қарастырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар