Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті. Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр. Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.