Коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады
Коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирусты 51 адам жұқтырып, 2 адам аталған дерттен айығып кеткен. Айта кетейік, қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты 35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын. 4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 4 адамның жағдайы ауыр, • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Сондай-ақ 4 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.