Жаңалықтар

Коронавирустан 900-ге жуық науқас емделіп жатыр – министрлік

Коронавирустан 900-ге жуық науқас емделіп жатыр – министрлік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы айтты. Коронавирус инфекциясына (КВИ+) және коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққандар арасында: - 1 адамның жағдайы ауыр; - 3 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы, 27 қазандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде 880 адам коронавирус инфекциясынан (734 науқас КВИ+, 146 науқас КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 26 қазан күнгі тәулік ішінде аталған вирус тағы 22 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ.