жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты сот үкімі шықты

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты сот үкімі шықты
pixabay.com
46 кеншінің өмірін қиған апатқа қатысты сот үкімі жарияланды

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қарағандыдағы Костенко шахтасында 46 кеншінің өмірін қиған апатқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Айыпты деп танылған шахтаның әртүрлі деңгейдегі 10 басшысына Қылмыстық кодексте қарастырылған ең қатаң жаза тағайындалды. Шахта директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылса, өзгелері 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Денсаулығына байланысты бір сотталушы жазасын үй қамағында өтейтін болды.

Алты айға созылған сот процесінде 108 том материал қаралды.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында шахтадағы апат салдарынан 46 адам қаза тауып, шамамен 20 адам жарақат алған еді.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар