Жаңалықтар
Костенко шахтасындағы апат үшін 9 адам қамауға алынды – Бас прокуратура
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 1.0k
Костенко шахтасындағы апат үшін 9 адам қамауға алынды – Бас прокуратура
2023 жылдың қазанында 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 9 лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.
Былтыр арнайы прокурорлар жүргізген істердің алдын ала қорытындыларын жариялаған Бас прокуратура резонанс тудырған бірқатар оқиғалар бойынша есеп берді. Атап айтсақ, Абай облысындағы орман өрті, Қарағандыдағы мүгедек балалардың улануы, «Алматы» хостеліндегі апат пен Костенко шахтасында болған трагедияларға қатысты тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.
«Абай облысындағы өрттер бойынша Экология министрлігінің және бірыңғай энергия жүйесіндегі іркіліске алып келген «KEGOC» пен 3-ЖЭС-тегі апат фактісі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары да тергеліп жатыр. Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды”, - деп хабарлады бүгін Бас прокуратура.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала