Жаңалықтар

“Костенко” шахтасындағы трагедия: министр апатқа жауапты лауазымды тұлғалардың есімдерін атады

“Костенко” шахтасындағы трагедия: министр апатқа жауапты лауазымды тұлғалардың есімдерін атады

Бүгін үкіметтегі брифингте Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұрынғы “АрселорМиттал Теміртау” компаниясына қарасты болған “Костенко” шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін деген лауазымды адамдардың есімін атады, деп хабарлайды Жамбылинфо. Шәріпханов атаған 19 тұлғаның кінәлі не кінәсіз екенін сот анықтайды. “Үкіметтік комиссия 19 адамды анықтады. Олар қатардағы қызметкерлер емес, тікелей жауапкершілік жүктелген инженерлік-техникалық қызметкерлер. Яғни, жауапты лауазымды тұлғалар. Іс материалдары тергеу органдарына ұсынылды, тергеуден кейін сот әр лауазымды тұлғаның кінәсін жеке анықтайды”,-дейді Шәріпханов.Осы лауазымды тұлғалардың арасында “АрселорМиттал Теміртаудың бұрынғы бас директоры Владимир Яблонский, қызметкерлер жөніндегі директор Елена Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры Андрей Белый, осы департаменттің атқарушы директоры бар.