жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты

Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты
Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми матчтарда баспен соғылған гол саны жөнінен рекорд орнатты, деп хабарлайды Жамбылинфо Қазақпартқа сілтеме жасап. Сhampionat.comсайтынан мәлім еткеніндей, португалиялық ойыншы клубтық араб чемпиондары кубогының топтық бәсекесінде «Монастирмен» өткен бәсекеде (4:1) гол соқты. Осылайша, Роналду ресми ойындарда баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі еді. Испаниялық Карлос Сантильян (125) үшінші орында. Роналду «Аль-Наср» командасында биылғы қаңтардан бері доп теуіп келеді. Келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда Криштиану 20 матчта 14 гол енгізіп, екі нәтижелі пас берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар