жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Криштиану Роналду Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды

Криштиану Роналду Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды
Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Marca басылымынан мәлім еткеніндей, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етпекші. «Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Екі жарым жыл уақыт бойы Роналду ойыншы есебінде болмақ. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім елшісі ретінде қызмет етпек», деп жазады басылым. Португалиялық жұлдыз келгеннен кейін «Аль-Наср» клубы бірқатар ойыншының қызметінен бас тартпақ. Бұл аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес пен өзбекстандық шабуылшы Жалолиддин Машариповке қатысты. Алдын ала мәлімет бойынша Роналду 2,5 жыл жарым уақыт бойы ойыншы ретінде маусым сайын 200 млн-дай еуро алады. Әлем чемпионатын өткізуге елші қызметіне кіріскеннен кейін бұл қаржы еселене түспек. Осылайша, 37 жастағы ойыншы жеті жылдық ынтымақтастық кезінде миллиард еуродан астам табыс таппақшы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар