жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай атаның Нью-Йорктегі өмірі

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай атаның Нью-Йорктегі өмірі
ашық дереккөзі
Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай атаның Нью-Йорктегі өмірі
Біз келіні Гүлжанар Берікті сөзге тартып, Нью-Йоркте тұрып жатқан атасы жайында сұрап білдік. Оның айтуынша, қайын атасы бүгінде жасына қарамастан телефон арқылы ағылшын тілінде қажетті сөздерді үйреніп, жаңа жұмысқа бейімделіп алған.
Мен ол кісінің келінімін. Қайын атамның бес баласы бар. Сол бес баласының тұңғыш ұлының келіншегімін. Нью-Йоркке жолдасым және балам үшеуіміз 2019 жылы бір рет туристік визамен келіп кеткен едік. Одан кейін 2021 жылы пандемиядан кейін тағы ат басын бұрдық. Сол жылы біз туристік визаны жұмыс визасына ауыстырдық. Осылайша бұл қалада 2021 жылдан бері тұрып жатырмыз, – дейді келіні Гүлжанар.
Келіні Нью-Йорк қаласына келудегі басты мақсат осы жақтың мүмкіндіктерін пайдалану және жақсы жаққа ұмтылу екенін айтты. Қайын атасы мен енесі алып шаһардағы немересін сағынып, АҚШ-қа жол тартқан екен.
Ол кісілер немересін қатты сағынып біз тұрып жатқан қалаға келуді шешті. Жолдасым және балам үшеуіміз 2021 жылы келгенде, біз қайда бара жатқанымызды білдік. Апасы мен атасы қатты сағынатынын сездіғой деймін. Сол жылы «Грин картаға» тапсыруды ұйғардық. Енем мен атам «Грин карта» лотереясына алғаш рет өтінім берді. 2022 жылдың мамыр айында жауабы шықты. Сол кезде оны енем ұтты. Сол сәттен бастап құжаттарын жинап, әңгімелесуге келдік. Ата-анамыз және екі қайын сіңілім «грин карта» визасын алды. Сөйтіп 2023 жылдың маусым айында олар Американың топырағына аяқ басты, – дейді келіні.
Қайын атасының Америкада жұмыс істеп бастағанына екі айдан асқан екен. Басында жолдасының машинасымен ісін бастап, кейін жиған-тергенімен және жұмысының ақшасымен көлік сатып алыпты.
Қазір өзінің көлігі өзінде. Өзі айдап, осы жақта тамақты жеткізу бойынша Ubereats қызметінде жұмыс істейді. Табысы әр кезде әрқалай. Бірақ күніне 150-200 доллар (70-90 мың теңге) табады. Әсіресе, жаңбырлы күндер табыс көп болады. Сенбі және жексенбі демалыс немесе мерекелік күндерде тапсырыс көп түседі. Ата-енем ағылшын тілін білмейді. Тіл білмесе де, мына жақта өмір сүріп жатқандықтан біраз құлақтары үйреніп қалды. Атама басында екі қайын сіңілім және енем көмектесетін. Одан кейін арасында өзім қолұшын беріп жүрдім, – дейді келіні Бақытгүл.
Ал қазір 50 жастағы Жұмабай ата бір өзі бәрін үйреніп алған көрінеді. Клиенттер ағылшынша жазса, ол кісіге қосымшасында орыс тіліне аударылады. Ал орысша жазған хаты шетелдіктерге ағылшын тілінде шығады. Карта, қосымшаның бәрі осылайша ыңғайлы жасалыныпты. Белгіленген маршурт бойынша тамағын еш қиындықсыз жеткізіп отырады.
Енем қазір тіл курсына барып жүр. Қазақстанда оқып келгені тағы бар. Қазір тіл көзім тасқа біраз үйреніп алыпты. Ал қайын атам қазір ауызекі сөйлеуді меңгеріп келеді. Жалпы Нью-Йоркте тұрақтап қалу үшін алдымен адам бұл қалаға не үшін бара жатқанын білу керек. Алдын ала ізденіп, қандай қиындықтар болатынын біліп келгені дұрыс. Бірақ жасыратын жоқ, көбі ішкі жарасын, бастан өткен қиындығын айтуға қысылады. Өз өмірін жүз пайыз әдемі қылып көрсетуге тырысатындар бар. Әрине, алғашында қиын болуы мүмкін. Үйді, туған-туысты тамақты, домбыра үнін сағынасың. Содан соң бірте-бірте үйреніп кетесің, – дейді ол.
Нью-Йоркте жұмыс істеу үшін алдымен жұмыс істеу туралы рұқсат берілген қағаз болуы шарт екен. Оны алу үшін белгілі бір виза түрі бар. Соған өтініш береді. Егер сол қағаз қолында болса, онда бұл қалада заңды түрде жұмыс істей алады. Десе де жұмыс істеуге рұқсат берілмеген визалармен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар екен. Олар – тәуекелге бел бұғандар. АҚШ-та жалақысы ең көп төленетін жұмыс бұл – медицина және IT мамандары болып табылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар