Жаңалықтар

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай атаның Нью-Йорктегі өмірі

Курьер болып күніне 70-90 мың теңге табыс тауып жүр: 50 жастағы Жұмабай атаның Нью-Йорктегі өмірі

Біз келіні Гүлжанар Берікті сөзге тартып, Нью-Йоркте тұрып жатқан атасы жайында сұрап білдік. Оның айтуынша, қайын атасы бүгінде жасына қарамастан телефон арқылы ағылшын тілінде қажетті сөздерді үйреніп, жаңа жұмысқа бейімделіп алған.

Келіні Нью-Йорк қаласына келудегі басты мақсат осы жақтың мүмкіндіктерін пайдалану және жақсы жаққа ұмтылу екенін айтты. Қайын атасы мен енесі алып шаһардағы немересін сағынып, АҚШ-қа жол тартқан екен.

Қайын атасының Америкада жұмыс істеп бастағанына екі айдан асқан екен. Басында жолдасының машинасымен ісін бастап, кейін жиған-тергенімен және жұмысының ақшасымен көлік сатып алыпты.

Ал қазір 50 жастағы Жұмабай ата бір өзі бәрін үйреніп алған көрінеді. Клиенттер ағылшынша жазса, ол кісіге қосымшасында орыс тіліне аударылады. Ал орысша жазған хаты шетелдіктерге ағылшын тілінде шығады. Карта, қосымшаның бәрі осылайша ыңғайлы жасалыныпты. Белгіленген маршурт бойынша тамағын еш қиындықсыз жеткізіп отырады.

Нью-Йоркте жұмыс істеу үшін алдымен жұмыс істеу туралы рұқсат берілген қағаз болуы шарт екен. Оны алу үшін белгілі бір виза түрі бар. Соған өтініш береді. Егер сол қағаз қолында болса, онда бұл қалада заңды түрде жұмыс істей алады. Десе де жұмыс істеуге рұқсат берілмеген визалармен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар екен. Олар – тәуекелге бел бұғандар. АҚШ-та жалақысы ең көп төленетін жұмыс бұл – медицина және IT мамандары болып табылады.