Ләззат Еркінбаева Тараз университетінің ректоры болып тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 18:40
- 1
2026 жылғы 9 ақпанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің №8 бұйрығы және Республикалық комиссия шешімі бойынша заң ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ләззат Еркінбаеваның кәсіби жолы:
1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетін тәмамдаған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі ретінде еңбек еткен.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бірінші проректор, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор болған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор және академиялық мәселелер жөніндегі проректор.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқарған.
Ғылыми жетістіктері:
Ғылыми еңбектері – 130 жарияланым, оның ішінде 19 оқу құралы және 15 монография.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық жобаларына жетекшілік еткен.
ҚР заңнамалық актілерінің жобаларын әзірлеуші, БҰҰДБ мен ЕҚЫҰ сарапшысы.
2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының сарапшысы.
ҚР БҒМ «ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.





