Жаңалықтар

ҰЛАНА СЛАМБЕКОВА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҰЛАНА СЛАМБЕКОВА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ұлана Сламбекқызы Сламбекова 1984 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы, Тамды ауылындағы "Ақшұқыр" шаруа қожалығының экономисі қызметінен бастаған. 2006-2009 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2009-2011 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары, 2011-2013 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қоғамдық саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің сектор меңгерушісі, 2013-2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары, 2016 жылдан 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.