жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Құлдыққа түскен": Шетелге жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жігіт табылмай жатыр

"Құлдыққа түскен": Шетелге жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жігіт табылмай жатыр
ашық дереккөзі
"Құлдыққа түскен": Шетелге жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жігіт табылмай жатыр
Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен екі қазақстандық жігіттен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Телеарна тілшілерінің анықтауынша, жігіттердің достарына жолдаған соңғы хабарламадан олардың географиялық орналасқан жері Мьянмада екені көрсетілген. Алдын ала болжам бойынша, жігіттер "алтын үшбұрыш" - есірткі өндіретін аймақта жоғалып кетуі мүмкін. Қарағанды облысының тумасы 25 жастағы Исламбек Қазбековтың ата-анасының айтуынша, ұлдары былтырғы жылдың қыркүйегінде туристік жолдама арқылы Дубайға кеткен.  width= Артынша Исламбек жоспары өзгертіп, БАӘ-де қалу туралы шешім қабылдаған. Ата-анасының сөзінше, Исламбек қытайлық компаниялардың біріне аудармашы болып жұмысқа тұрған. Бұған дейін жас жігіт туыстарымен байланысқа жиі шығып тұрған. Алайда соңғы екі апта одан еш хабар болмаған. Телеарнаның мәліметінше, Исламбектің ата-анасы оның Дубайда жоқ екенін сол елдегі отандастарының чатынан білген. "Мереке, ол Дубайда жоқ" деді. Мен: "Қалай жоқ?" деймін. Міне балалар чатта оның бір жігітпен Таиландқа кеткенін жазып жатыр" дейді. Біз таң қалдық, Таиландта не істейді ол деп?", - дейді Исламбектің анасы. Исламбектің ата-анасы онымен Дубайдағы таныс қызы хабарласқанын айтады. Исламбек сол кезде қиындықтар болып жатқанын және жақында жоғалып кетуі мүмкін екенін ескерткен. Бұған қоса телеарна қазақстандық порталдардың бірінде Исламбектің атынан хат пайда болғанын, онда ол Азияның үш елімен шектесетін есірткі өндірісі аймағында екенін айтқанын хабарлады. "Біз "Алтын үшбұрышқа" жеткенше 10 посттан өттік. Мен сол жерге жеткенде ғана өзімнің неге ұшырағанымды түсіндім. Менің жанымда қазақстандық бір бала, екі пәкістандық пен тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар, кейін сатумен айналысасыңдар деді. Егер біз сатылымнан қажет соманы таппасақ, онда өз қалтамыздан төлейтінімізді айтты. Сондай-ақ егер ақшаны қайтара алмасақ, бізді ұратындарын, құлдыққа түсетінімізді, шетелге жіберетіндерін айтып, қорқытты. Енді қайтып оралуға тырысамыз. Егер мен байланысқа шықпасам, жағдай шиеленісе түсті деп ойлай беріңіздер", - деп жазылған Life09.kz порталында шыққан хабарламада. Әлеуметтік желінің көмегімен Исламбектің жақындары болжам бойынша онымен Біріккен Араб Әмірліктерінен бірге кеткен екінші қазақстандық жігіттің отбасын тапқан. Ол Тараздың 23 жастағы Жарас есімді тұрғыны болып шыққан.  width= Сондай-ақ екі жігіттің де бір уақытта жоғалғаны белгілі болған. "Ұлым жұмысына қатысты мәлелер туындап жатқанын айтты. Біз онымен соңғы рет 28 желтоқсанда сөйлестік. Сол кезде ол жақында оралатынын айтқан еді. Әуежайда болғанда, ақша жіберуімізді сұрады. Содан бері хабар жоқ. Кейін менімен Исламбектің анасы хабарласып, біз балаларлы бірлесіп іздей бастадық", - дейді жоғалған екінші жігіттің әкесі Талғатбек Шәріпов. Жоғалған жігіттердің жақындары Дубайдың көші-қон қызметі көмектесуден бас тартқанын атап өтті. Олардың айтуынша, ведомство қызметкерлері жоғалғандардың төлқұжатының көшірмесін сұратқан, алайда туыстарында ол құжат жоқ болып шыққан. Өткен аптада жігіттердің жақындары еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. Онда өтінім қабылданғанын мәлім еткен.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Online dating services Etiquette
Алдыңғы мақала
Online dating services Etiquette

Ұқсас жаңалықтар