Жаңалықтар

Әлем біріншілігінде жүлдесіз қалған Елдос Сметов Париж Олимпиадасына бара ма

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов әлем біріншілігінде 5 орынға табан тіреді.

Елдос Сметов  Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Елдос Сметов жартылай финалда 
жастар арасындағы әлем чемпионы Таики Накамураға есе жіберді. 

Біздің балуан  үш айналымда кездескен Вьетнам, Оңтүстік Корея және Бразилия спортшыларын айқын басымдылықпен жеңгенін жаздық. 

Ал енді жанкүйерлер: "Даңқты балуан Елдос Сметов Париж Олимпиадасына бара ма? "деген сауал қоюы заңды. 

Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылардың есімі анықталады. 

Міне, сол кезде олимпиадаға кімдердің баратыны белгілі болады. 

Еске сала кетейік, Елдос Сметовтің қоржынында олимпиада чемпионы деген атақтан басқасының бәрі бар. Жерлесіміз 2015 әлем чемпионы атанса, 2019 бен 2022 жылы өткен әлем чемпионатында үздік үштіктен табылған. Ал 2016 жылы Рио олимпиадасында күміс еншілесе, 2021 жылы Токио олимпиадасында қола медальға қол жеткізді.