Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: отандық шахматшылар көш бастады

Әлем чемпионаты: отандық шахматшылар көш бастады

Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірге Қазақстан құрамасы бірінші орында келеді. Бәсекенің алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан (2½-1½) мен Мысыр құрамасын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты. Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрмановалар қорғап жатыр. А тобы Қазақстан – 4, Грузия – 2, Украина – 2, Үндістан – 2, Франция – 2 Мысыр – 0