Жаңалықтар

Әлем чемпионатында Жамбылдық оқушы І-орын иеленді

Әлем чемпионатында Жамбылдық оқушы І-орын иеленді

Бүгінгі күннің жағымды жаңалықтары жанымызды жадыратуда. Меркілік Ринат кедергілермен жүгіруде қарсыластарын шаң қаптырып, қоржынға күміс медаль салып қуантса, Қордай ауданы №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Раушан Джаналиева еліміздің туын көкке көтеріп, чемпион атанды. Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қол күрестен І орынды иеленген оқушымыз кіл мықтының ортасында ел намысын қорғады. Раушанды жеңісімен құттықтай отырып, жаттықтырушысына алғыс білдіреміз! Оқушыларымыздың жеткен әрбір жетістігі біз үшін үлкен қуаныш!