жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады

Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады
ашық дереккөзі
Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елорда уақытымен сағат 15:00- де басталатын күндізгі сессияда А рингі үшінші жұпта Серик Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортамен шықса, сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен қолғап түйістірсе, Б рингінде оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен кездеседі. Ал, сағат 19:00- де басталатын кешкі сессияда Б рингінде алғашқы жекпе-жек Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратаке арасында өткізілсе, А ригінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар