Жаңалықтар

Әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер кілті табысталды

Әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер кілті табысталды

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады Жиында Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталады. Сонымен қатар, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновтың жеке бапкері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жағары санатты жаттықтырушы Ертаев Ермек Әлімбекұлына 5 000 000 теңгенің сертификаты берілді. Ал Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді. Жеке бапкері, бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлына 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталады.