жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем футболының аңызы Пеле өмірмен қоштасу сөзін айтты

Әлем футболының аңызы Пеле өмірмен қоштасу сөзін айтты
ашық дереккөзі
Әлем футболының аңызы Пеле өмірмен қоштасу сөзін айтты
Футбол тарихында аты аңызға айналған Пелені қатерлі ісік дендеп бара жатыр. Жағдайы ауыр бразилиялық футбол саңлағы отбасы және жора-жолдастарымен қоштасып, өлімді саналы түрде қабылдауға бекінді, деп хабарлайды Жамбылинфо "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
Пеленің төңірегімен түгел қош айтысқаны жайлы британиялық кәсіпкер, спорт менеджері Фрэнк Халид Twitter-де жазды.
"Аурухана төсегіне таңылған Пеле отбасымен және достарымен қоштасты. Футбол аңызы Пеле қатерлі ісікпен күресте жеңіліп, әлсіреп бара жатыр. Отбасы Пеленің жағдайы күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтады", - деп жазды Фрэнк Халид.
Пеленің бойынан қатерлі ісік белгілері былтыр анықталды. 82 жастағы бразилиялық химиотерапиядан өткен, бірақ кейін мұның әсері болмаған. Осыдан соң оның жағдайы біртіндеп нашарлай бастады және 29 қарашада ол тестілеу және емдеу курсын қайта тағайындау үшін ауруханаға жатқызылды. Ол Рождествоны ауруханада өткізуге мәжбүр болды.
Оқырмандарға дерек бере кетейк, Пеле (Едсон Арантес до Насименто) — әйгілі бразилиялық футболшы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Пеле Халықаралық олимпиада комитетiнің ұйғарымы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды. "Сантос" және "Нью-Йорк Ғарыш" клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп, 78 гол соққан спорт саңлағы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар