Жаңалықтар

Әлемде дұрыс тамақтанбаудан жыл сайын 600 млн адам ауруға шалдығады

ДДСҰ статистикасына сәйкес, жыл сайын олардың 420 мыңы қайтыс болады

Қазақстандағы жағдай да мәз емес. Елімізде 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызы семіздік ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ал мектептерде 600-ге жуық бала тегін тамақтан уланған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артып отыр. Асханалар сырттан келген арзан тауарларды алуға әуес. Енді мұндай жерлерде сатылатын тағамдардың сапасы қатаң бақылауға алынбақ.

Бүгін Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда азық-түлік қауіпсіздігі жан-жақты талқыланды. Импортқа тәуелділікті азайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері де қаралды.м