Жаңалықтар
Әлемде қызылша ауруы өршіп тұр: "9 миллион адам ауырып,136 мың адам қайтыс болған"
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2023
- 300
Әлемде қызылша ауруы өршіп тұр: "9 миллион адам ауырып,136 мың адам қайтыс болған"
Бүкіл әлемде вакцинамен қамту көрсеткішінің төмендеуіне байланысты қызылша ауруы мен өлім-жітім айтарлықтай өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қақты, деп хабарлады DW сайты.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қызылшаға қарсы вакцинацияның көп жылдық төмендеуінен кейін осы вирустық аурумен ауырғандар саны 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ке, ал инфекциядан қайтыс болғандар саны 43%-ке өсті. Бұл туралы 16 қараша, бейсенбіде жарияланған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (ОКӨЗ) бірлескен жаңа есебінде айтылған.
Науқастардың саны "9 миллион адам, ал қайтыс болғандар - 136 мың адам, олардың көпшілігі балалар" делінген хабарламада. 2022 жылы ауру 37 елде кең таралған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш жиырма екі ел болатын.
"Қызылшаның өршуі мен одан болатын өлім-жітімнің өсуі қауіп төндіреді. Бірақ вакцинация көрсеткіші азайғандықтан басқа нәтиже күту мүмкін емес", - деп атап өтті жаһандық иммундау жөніндегі ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басқарма директоры Джон Вертефей.
Баяндамада табысы төмен елдерде вакцинация қарқыны төмен, өлім қаупі жоғары екені айтылды. 2022 жылы вакцинаның алғашқы дозасын алмаған 22 миллион баланың жартысынан көбі 10 елде тұрады: олар Ангола, Бразилия, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Үндістан, Индонезия, Мадагаскар, Нигерия, Пәкістан және Филиппин.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз