Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 23,4 пайызға қымбаттаған
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2023
- 159
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 23,4 пайызға қымбаттаған
Ұлттық статистика бюросы өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,4%-ға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Күріш – 361 тг/кг
Айран 2,5% – 367 тг/л
Сүзбе – 1953 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі өнім кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.
Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025