жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік әріптестік жылы қорытындыланды

Әлеуметтік әріптестік жылы қорытындыланды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік әріптестік жылы қорытындыланды
Облыстағы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті V пленумы өтіп, алқалы жиында сала өкілдері – кәсіподақ мүшелерінің «Педагог мәртебесі туралы» Заңы және әлеуметтік әріптестік актілерінде көзделген жеңілдіктермен, кепілдіктермен қамтылу жағдайы сөз болды. Елімізде Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен биылғы жыл «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жарияланғаны белгілі. Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атаулы жыл аясында жарғылық міндеттерді пайдалана отырып, еңбек адамының әлеуметтік ахуалы мен кәсіби құқықтарын қорғау, ұстаз еңбегін ұлықтау мен мәртебесін асқақтату, әлеуметтік әріптестікті нығайту жолында кәсіподақ мүшелеріне бірнеше бағытта қызмет көрсетті. Негізгі сұрақтар мен қабылданған шешімдер жыл басынан бері онлайн және офлайн режимде өткен атқару комитетінің алты мәжілісі мен төрт жұмыс кеңесінде талқыланып, қабылданды. Бұл туралы биылғы әлеуметтік әріптестік жылын қорытындылауға арналған пленумда жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков айтты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіподақтар федерациясының съезінде: «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптеуіміз керек», деген болатын. Кәсіподақ пен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік аясындағы нәтижелі әрі өзара ұтымды қарым-қатынасы, сондай-ақ сала өкілдерінің еңбек және заңды құқықтарының жан-жақты қорғалуын қамтамасыз етуші құқықтық қызметтің қалыптасуы негізінде біз бүгінде саладағы кәсіподақ қызметінің тиімді дамуы мен ілгерілеуін нақты көріп отырмыз. Биыл қазан айында жергілікті кәсіподақта филиал мәртебесіндегі 13 құрылымдық бөлімшеге біріккен 801 бастауыш ұйым, мүшелікке қамтылған 65452 сала өкілі есепке алынды. Ерекше басымдыққа ие бағыттың бірі ретінде әлеуметтік әріптестікке ерекше екпін берілді. Жалпы жыл басынан бері облыстық мәндегі әлеуметтік әріптестік комиссиясының сегіз отырысы өткізіліп, онда 13 сұрақ талқыланған болса, жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясының үш отырысы өтті. Онда тиісінше үш мәселе қаралып, шешімін тапты. Әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісімді жүзеге асырумен байланысты пәрменді әрекеттер жасалды, – деді төраға. Сала өкілдерінің «Педагог мәртебесі туралы» Заңы және әлеуметтік әріптестік актілерінде көзделген жеңілдіктермен, кепілдіктермен қамтылу жағдайы туралы жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары, кәсіподақтың құқықтық инспекциясының жетекшісі Берік Баймағамбетов хабарлама жасады. Оның айтуынша, 2022 жылдың 11 айында өткізілген тексерулер барысында еңбек заңдылығын бұзудың 1797 жағдайы анықталған. Оларды түзету мен жою жөнінде жұмыс берушілерге тиісті ұсыныстар беріліп, бақылаудың нәтижесінде басым көпшілігі оң шешімін тапқан. Кәсіподаққа құқықтық сауалмен жазбаша және ауызша түрде қайырылатын жұмыскерлердің саны жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Аталған кезеңде заңгерлер 10143 құқықтық қызмет көрсетті. Өткен мерзім ішінде сала өкілдерінің құқықтық мәдениеті мен сауатын көтеру мақсатында жергілікті кәсіподақ бастамасымен 93 семинар өткізілген. Аталған мерзімде прокуратура, еңбек инспекциясы, әкімдіктер мен мәслихаттар, білім бөлімдері сынды мемлекеттік органдарға сала өкілдерінің мәселелері мен түйткілдері бойынша 37 ұсыныс пен хаттар жолданған. Кәсіподақ инспекция қызметкерлерімен сотқа үш талап-арыз бен материал дайындап, бір кәсіподақ мүшесі түрлі инстанциядағы соттарда тегін өкілеттікпен камтамасыз етілген. Құқықтық қызметтің белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде екі кәсіподақ мүшесі қайта жұмысқа орналастырылып, шешімін тапты. Ал жеті қызметкердің жұмыстан заңсыз босатылуына тосқауыл қойылған. Жиында сөз алғған облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Өсерова озат педагогтерді кәсіподақтың қолдауы ұстаздарға тың күш-жігер мен мотивация беретінін айтты. Пленум қабылдаған шешімге сай жергілікті кәсіподақтың барлық басқару органдарының есеп беру-сайлау кезеңі 2023 жылдың алғашқы тоқсаны деп белгіленді. Бұдан бөлек алқалы жиын өзіне жарғымен берілген құқық бойынша облыстық ұйымның 2023 жылға арналған кіріс-шығыс сметасын бекітті. Іс-шара соңында жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ал кәсіподақтың Шу аудандық комитетінің төрайымы Аида Бекмурзина облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының үш жеңімпазына шипажайға жолдама берілсе, алқалы орган – Пленумның барлық мүшелеріне кәсіподақ төрағасының Алғыс хаты табыс етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар