Жаңалықтар

Әлеуметтік жобасы жыл бойы жемісті жүзеге асты

Әлеуметтік жобасы жыл бойы жемісті жүзеге асты

«Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасын жыл бойы жемісті жүзеге асырып келді. Жоба басталғалы оның әрбір іс-шарасы бірлестіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырды. Жобаны іске асыру барысында әртүрлі санаттағы 2000-нан аса азамат қамтылды. Олардың қатарында көптеген отбасылар, іскер азаматтар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де бар. Одан өзге 10 мыңнан аса азамат жанама түрде түрлі шаралармен қамтылды. Консультацияларға, тренингтерге, семинарларға 400- ден астам ер азматтар мен әйелдер қатысты. Құқықтық, психологиялық, қаржылық және басқа да көмек алу үшін бізге бала тәрбиелеп отырған және өмірлік қиын жағдайға тап болған 52 әйел жүгінді. Барлығына атаулы көмек көрсетілді. Конференцияларға, диалог алаңдарына, шеберлік сыныптарына, вебинарлар мен тренингтерге, форумдарға 500-ден астам адам, ал ойын-сауық, демалыс және қайырымдылық іс-шараларына 800-ден астам адам қатысты. Жоба бойынша ақпараттық жұмыс әлеуметтік желілерде де жүзеге асырылды, онда 300-ден астам пост, отбасылық құндылықтарды қолдау және нығайту және отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қазақстандық қоғамда гендерлік мәдениетті дамыту бойынша бейнероликтер жарияланды. Жоба тақырыбы бойынша 20-дан астам ақпараттық материалдар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланды. Барлығы 30-дан астам іс-шара іске асырылса, оның ішінде отбасы проблемалары бойынша мамандардың қоғамдық қабылдаулары мен кеңестері, дағдарыс орталықтары мен психологиялық қолдау кабинеттерінің қызметкерлері үшін семинарлар мен тренингтер, Тараз қаласы мен облыс аудандарының полиция учаскелік инспекторлары отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылық мәселелері бойынша мамандардың қатысуымен, саналы ата-аналыққа бағытталған «Отбасын қолдау мектептері» тренингтері, зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен диалог алаңы бар. «Отбасындағы зорлықшы- зомбылыққа жол жоқ!» атты шара Байзақ, Меркі, Жуалы, Қордай, Сарысу аудандарындағы арнайы орталықтар мен ауылдық округтер жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Жоба аясында облыс және Тараз қалаларындағы жас жұбайлардың қатысуымен заңгер, психолог, медицина қызметкерінің отбасы мәселелері бойынша кеңестер өткізе отырып, жас отбасылардың отбасылық өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған «Жас отбасы» ақпараттық курсы ұйымдастырылды. Облыс аудандарынан келген жас отбасыларға сауалнама, жеке кеңестер, сондай-ақ вебинар өткізілді. Отбасылық дәстүрлерді, белсенді отбасылық демалысты қолдау мақсатында «Ынтымағы жарасқан отбасы» отбасылық марафоны өткізілді. Сондай-ақ «Ақылшы ене, инабатты келін», «Ең жақсы дос – әкешім» онлайн-конкурстары, «MamaFest» отбасылық мерекесі, сондай-ақ қыздарға арналған «Chess ханшайымы – Taraz» бірінші облыстық шахмат турнирі ұйымдастырылды. Жоба барысында халықтың гендерлік мәдениетін қалыптастыру, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар арасында нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларға көп көңіл бөлінді. Бұл жұмыс «Болашаққа үмітпен» форумында басталды, мобилография және SMM, тігін ісі, кондитерлік бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған «Enbegi jangan arular» облыстық әйелдер форумы шеңберінде 12 аталым бойынша әйел-көшбасшылар марапатталды. Олардың қатарында отбасылық бизнестің бес өкіліне 100000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Марапатталғандардың көпшілігі біздің өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына үлкен үлес қосып жүрген ауыл еңбеккерлері. Біздің тұрақты серіктес, кеңесшілерімізге айналған «Анаға тағзым» орталығы, облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, полиция, әділет департаменттері, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен ішкі саясат басқармасына айтар алғысымыз шексіз. Біздің жобамыздың барлық қатысушылары өздеріне және отбасыларына пайдалы уақыт өткізіп, жаңа білім мен қолдау алды деп үміттенеміз. Елге пайдалы, халыққа қажетті жұмыстарды біз әрі қарай да тың күшпен, зор ықыласпен атқара беретін боламыз. Елена БАЛЛО, «Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.