Жаңалықтар

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақхана бөлуді күшейтуді тапсырды

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақхана бөлуді күшейтуді тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жиынға қатысушылар бүгінде студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін талқылады.

photo
  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған – 26, колледж студенттеріне арналған 11 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты. Бұл ретте, оның ақпараты бойынша, 1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін. Бұл «Астана медицина университеті» КЕАҚ жатақханасын күрделі жөндеу, Алматы қаласында 400 орындық жатақхана салу және 450 орындық екі жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу сынды жобалар.
photo
  Министр жатақханалар құрылысы кезінде инвесторлар кездесетін негізгі проблемалар қатарында нысандардың мақсатын өзгерту, заттай гранттар беру және коммуналдық желілерге қосылу м.мкіндігінің шектелуіндегі қиындықтарды атады.
photo
  Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмейтін болса, жағдай одан сайын қиындай беретінін атап өтті.

, — деді Премьер-Министр.

photo
  Оның айтуынша, оқуға қабылданған студенттер жатақханада орын жоқ екенін орналасуға келген кезде бір-ақ біледі. Сосын, оқуға дайындалудың орнына олар өз бетінше тұратын баспана іздеуге мәжбүр болады. Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді, сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығының мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Ол үшін ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрлері, облыс әкімдері тікелей жауапты екенін атап өтті.
photo
  Штаб отырысы барысында Мемлекет басшысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау мәселесі де қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қарастырылып, 17 мың шағын несие беру жоспарланғанын, бұл ауылдарда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. Дегенмен, Бағдарламаны жүзеге асыруға он облыс қана белсенді түрде кіріскен. Жеті өңірде жұмыс қарқыны баяу, ал үш өңірде бірде-бір өтінім (Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстары) мақұлданбаған.

, — деді Премьер-Министр.

photo
  Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне берілген қаражаттың толық игерілуін, олардың мақсатты пайдаланылуын әрі уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ 2023 жылға арналған Бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылауда ұстауды тапсырды.