Жаңалықтар

Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық

Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық

Құтқарушылар ескерту жасады: Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар  «Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 7-8 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен. Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға шақырды.  Айта кетейік, қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық.