жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші өтті

«Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші өтті
ашық дереккөзі
«Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші өтті
Кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жеңістің 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы оқырмандарға мағлұмат беру, оларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру, жастарды Ұлы Отан соғысының тарихы, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралып, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлердің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» патриоттар кеші өтті.  width= Жамбыл облыстық Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов, Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бабалар ерлігі жадыларында мәңгі сақталатынын айтып, ардагерлерге алғысын жеткізді.  width=Ғасырлар бойы ерен еңбекте батылдық, ерлік пен төзімділік, жаниқиярлық көрсеткен Казақстандық ұлттық мінез-құлық сұрапыл соғыс жылдарында батырлық көрсетуге ықпал етті. width= Және ондай ерлікті бірен-саран адам ғана емес, орден және медаль үшін емес, өз Отаны үшін соғысқан мыңдаған қарапайым қазақстандықдар көрсеткенін атаған ардагерлер, екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ең трагедиялық беттердің бірі екенін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар