
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының орталығында жарияланған коменданттық сағат күшіне енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv cілтеме жасап.
Мұндай режим енгізілуіне демонстрациялар кезінде тонау және зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі себеп болды.
Лос-Анджелесте миграциялық полицияның рейдтеріне қарсы шерулер бесінші күнге ұласып отыр. Осы уақыт ішінде жүздеген адам тұтқындалды. Тәртіпсіздіктерді басу үшін қалаға ұлттық гвардияның 2 мыңнан астам жауынгері мен теңіз күштерінің 700-дей сарбазы енгізілді.
Президент Дональд Трамп заңсыз миграцияны шектеу саясатын екінші мерзімге кіріскеннен кейін белсенді түрде жүзеге асыра бастады. Оның Лос-Анджлеске армияны тартуын Калифорния басшылығы қатаң сынап, мемлекет басшысын тіпті сотқа берген.
Соңғы мәліметке қарағанда, өткен тәулікте Чикаго тұрғындары да мигранттарға қарсы рейдтерге наразылық білдіріп, көшеге шығып, полициямен қақтығысқан.