сәрсенбі, 2 қазан, 2024 9:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЛРТ-ның құрылысы жалғасатын болды

ЛРТ-ның құрылысы жалғасатын болды
ашық дереккөзі
ЛРТ-ның құрылысы жалғасатын болды
Атышулы ЛРТ құрылысы қайта жанданады. Тек жоба біршама оңтайландырылған көрінеді. 18 станцияның 8-і ғана қалған. Жоспарланған 19 жылжымалы құрамның бесеуі ғана жүрмек. Осының есебінен жобаны аяқтауға қажетті қаражат 1 млрд доллардан 577 миллионға дейін түсіпті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, жобаның болашағына қатысты 400-ден астам ұсыныс түскен. Оның 51 пайыздан астамы құрылысты аяқтауды ұсынса, 42 пайызы – балама нұсқаларын, 7 проценті жобаны толық бұзуды сұрапты. Халықаралық көлік ұйымдарынан да ұсыныстар түскен көрінеді. Алайда есепсіз кеткен қаржыны ескере отырып, жобаны жалғастыру туралы шешім қабылданған. Егер қаржыландыру тоқтамаса, құрылыс екі жылдың ішінде аяқталып, пайдалануға беріледі. ЛРТ-ны күтіп ұстауға бөлінетін қаржы туралы да айтылған. Бұл қызметке жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 3 млрд теңге бөлінеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар