LRT құрылысына тағы 500 млрд теңге бөлінді
LRT құрылысына тағы 500 млрд теңге бөлінді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының жобасымен таныстырып, оның іске қосылуына тағы екі жыл керектігін алға тартты. "Былтыр шешім қабылданып, биыл LRT құрылысын жалғастыру мақсатында тағы 500 млрд теңге бөлінді. Осы күнге дейін $600 млн жаратылды. Құрылысты толық аяқтап, бірінші желіні қосу үшін әлі 2 жыл уақыт қажет болады", - деді қала басшысы.