Жаңалықтар

Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталады - әкімдік

Жаңа үйлердің құрлысы алдағы аптада басталады деп жоспарланған.

Бұл туралы Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала кұрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді, -деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Басқарма басшысының айтуынша, 150 тұрғын үйдің құрылысы жергілікті бюджеттен және демеушілерден жиналған қаражат есебінен бой көтереді. 

"Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады.  Әр үй 80 шаршы метрді құрайды. 74 типтік үлгідегі үйдің жер телімі белгіленген. Үйдің эскиздері де дайын тұр. Жалпы, жоспарға сәйкес, бұл "Болашақ" ауданында "Бином" мектебінің құрылысын да бастау жоспарда бар", -деді 
Нұрберген Құсайынов. 

Сондай- ақ, әлеуметтік желілерде мемлекеттен өтемақы алған құлсарылықтар баспаналарының құрылысын бастап кеткені жайлы видео тарады.