Жаңалықтар

"Ұлтабар жеген келінім ұл тапты". Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева жақсы жаңалығын бөлісті

"Ұлтабар жеген келінім ұл тапты". Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева жақсы жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева "Оян!" таңғы бағдарламасында жақсы жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әнші ең алдымен қазақтың "ұлтабар" тағамының қадір-қасиеті туралы әңгімеледі. "Ұлтабар - қазақтың өте әдемі тағамының бірі. Ол малдың асқазанымен жалғасатын тұстағы қарынының бір бөлігі ғой. Қазақ әрбір тағамға қатты мән берген. Соның ішінде ұлтабарды ерекше бағалайды. ұлтабар - әйел адамдарға жақын тағам. Сонымен қатар, қазақ ұлды "шаңыраққа ие болып қалатын адам" деп бағалайды ғой", - деді ол. Света Айтбаеваның айтуынша, жақында ғана ұлтабар жеген келіні ұлды болған. "Бізде жақсы жаңалық бар. Жақында келініміз ұлды болды, бүгін сол келінімді перзентханадан шығарып алуға барамыз. Ол осындай ұлтабардың дәмін татқан жақсы бір келініміз еді. Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болаттың бөпесі. Ұлтабарды кәделі, сыйлы табаққа салады. Ет турап отырған адам оны аңғарып, ұлтабардың майлы, нағыз шошайып тұрған бөлігін кесіп алып, "ұлды болсын, ұрпақ көбейтсін" деген мақсатпен жас келінге ұсынады", - деп түсіндірді әнші. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96884/