Жаңалықтар

Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Академиялық залда қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың шығармалары қойылған. 

Жазушының алғашқы кітабы "Құйрықты жұлдыз" повесі 1966 жылы шықты. 

Мұнан кейін
"Үлкен ауыл" (1968),
"Асу-асу" (1970),
"Көкжиек" (1980),
"Басынан Қаратаудың" (1984) повесть-әңгімелер,
"Қыз махаббаты" (1982) пьесалар жинақтары,
"Бұлтқа салған ұясын" (1978),
"Тасжарған" (1980),
"Кен" (1986),
"Жаза" (1998),
"Шер" (2000),
"Махаббат жыры" (2001),
"Қиянат" (2002) романдары жарық көрген. 

Ал  былтыр Әкім Таразидың 90 жасқа толған мерейтойына орай, жазушының мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген он екі томдық шығармалар жинағы мен «Мазмұндама» қоғамдық қоры шығарған «Ауыл шетіндегі үй» және «Мұстафа Шоқай» кітаптары жарыққа шыққан болатын. 

Айта кетейік, Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматыда дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Рысқұлов ауданында Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.

1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология  факультетін  бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді.