Жаңалықтар

Ұлттық банк теңге бағамын ұстау үшін интервенция жасайтынын мәлімдеді

Ұлттық банк елдің валюта нарығындағы күрелі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта валюта ауысбастау орталықтарында 1 АҚШ доллары 518-519 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   

«Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы салдарынан теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңге белгісін еңсерді. Қазіргі уақытта биржалық сауда-саттық бір АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтеді. 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңге болып тұр. Кешеден бастап 2,4% әлсіреді. Валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар теріс әсер етеді», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

Сондай-ақ Ұлттық банктің ресми мәліметінде Қазақстанның валюта нарығындағы ахуалға ұқсас жағдай дамушы нарықтардың бәрінде байқалып тұрғаны айтылған. 

«Ұлттық Банк тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізеді.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді. Оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылады.

Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіріп, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.