Ұлттық банк валюта нарығына интервенция жасауды бастады
30 шілде күнгі сауда-саттық барысында АҚШ долларының бағамы 550 теңгеге дейін жетті. Жалпы алғанда теңге шілде айының басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан 4,7%-ға әлсіреп отыр.
Осы жағдайға байланысты Ұлттық банк валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмендеуі мен алыпсатарлық қысымның күшею белгілерін негізге ала отырып, валюталық интервенцияларға кіріскенін хабарлады.
Ұлттық банк биржалық және биржадан тыс валюта нарығындағы жағдайды жіті бақылап отырғанын ерекше атап өтті.